MU СТУДЕНТТЕРІ «ЖАСТАР ТЕАТРЫ» ҰЖЫМЫМЕН ЕРЕКШЕ ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
04.04.2026
Шараға танымал театр және кино актерлері — Мақпал Мыса, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Жандәулет Батай, Бақыт Хаджибаев, Азамат Есқұлов, Айнұр Рахипова арнайы келіп, студенттермен ашық әңгіме құрды.
Кездесу барысында қонақтар шығармашылық жолы, сахна мен кино индустриясының қыр-сыры, актерлік шеберліктің маңызы туралы ой бөлісті. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан құнды кеңестер алды.
Осындай кездесулер жас буынның өнерге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағытта дамуына серпін береді



