МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ СКАУТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
12.03.2025
Бүгін Марғұлан университетінде "Ұлы Дала Скауттары" ҚҚ өкілдері келіп, студенттермен кездесу өткізді. Бұл Қазақстандағы жастардың скауттық қозғалысын дамытатын ұйым. Кездесудің спикері - танымал тренер Евгения Пучкова
Бұл ұйым жастарға көшбасшылықты, командада жұмыс істеуді, табиғатта тіршілік ету дағдыларын және белсенді азаматтық ұстанымды үйретеді. Негізгі миссиясы – жастардың өзіне сенімді, дербес және жауапты азамат болып қалыптасуына көмектесу, оларды әлемді жақсы жаққа өзгертуге шабыттандыру. Кездесудің басты мақсаты - жастарды скауттық қозғалыспен және оның мүмкіндіктерімен таныстыру. Сондай-ақ, вожатыйларды даярлау бағдарламасының басталуын жариялау. Іс-шара барысында скауттық қозғалыс және оның құндылықтары туралы презентация көрсетіліп, вожатыйлар мектебі жайлы толық ақпарат берд. Студенттер аталмыш бағдарламаға қалай қосылуға болатыны жайлы сұрақтар қойып, жауап алу мүмкіндігі туды.