Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕТІКТЕР ЕНГІЗУ ЖАЛҒАСТЫРУДА

13.03.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимылдың негізгі элементі болып табылады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың ажырамас құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру болып табылады.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 13 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Қоқанов Шерханмен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Күн тәртібінде университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаты таныстырылды, ол ЖОО-ның жоғары этикалық стандарттарға, ашық және адал өзара іс-қимыл қағидаттарына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарын жолын кесуге ұмтылуға, сондай-ақ корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстануға бейілділігін көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды дамыту экономикалық сипаттағы қылмыстар мен қызметтік жағдайды теріс пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар жасау қаупін азайтады.