Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПЛАКАТТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖАСАЛДЫ

22.05.2025

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайту, сондай-ақ студенттерді әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту мақсатында Марғұлан университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы плакаттар байқауы өтті.

Студенттер конкурсқа қатысуға белсенді түрде жауап берді, түрлі-түсті плакаттар, суреттер дайындады, шығармашылық пен даралықты, корпоративтік рухты, топта жұмыс істей білуді көрсетті, бірақ, ең бастысы, сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтарын дәлелді түрде көрсете алды.

Үшінші орын 1 курс студенттері Ардакова Айсана, Сағатова Диляра және Мақашев Сагидоллаға бұйырды.

Екінші орынды 1 курс студенттері Сайлаубекова Жанар мен Халмен Назым иеленді.

Бірінші орынды Галле Милана иеленді, ал гран-при Кабиден Азалияға бұйырды.

Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылатынын еске саламыз.

Жастармен осындай жүйелі және уақтылы алдын алу жұмыстарының арқасында болашақта біз күшті әлеуметтік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті бар азаматтардың жаңа әділ ұрпағын қалыптастырамыз.