Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА САЯСАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

03.03.2025

Ағымдағы жылдың 3 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамына семинар өткізді. Онда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын және қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын түсіндірді. 

Семинар барысында университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаты таныстырылды. Ол қоғамдағы сыбайластықтың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы қызметтің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. 

Кездесу барысында оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі 87075665379 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша жұмыс істейтінін еске салады. Онда жемқорлық көріністері бойынша ЖОО қызметкерлері, студенттері немесе кез келген басқа адамдар өздеріне ыңғайлы нысанда, құпиялылық не анонимдік шарттарын сақтай отырып хабарлай алады.