Перейти к содержимому страницы.

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ – СҒЗЖ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

22.05.2025

2025 жылғы 20 мамырда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен «Биология мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) Республикалық конкурсында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Дильназ Базарбаева мен Александра Губайдуллина I орынды жеңіп алды! 

Олар «Pinus sylvestris L. тозаңының трансформациясын талдау арқылы техногендік жүктемесі жоғары аумақтарды палиноиндикациялау» атты ғылыми жобасымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломына ие болды.

Ғылыми жетекшісі – PhD докторы Асылбекова Гүлмира Ермұқанқызы.

Зерттеу аясында Павлодар, Астана, Баянауыл және Польшаның Познань қаласындағы экологиялық жағдайы әртүрлі аймақтардан алынған қарағай тозаңдарына морфологиялық талдау жүргізілді. Нәтижесінде, тозаң түйіршіктерінің деформациясы қоршаған орта ластануының сенімді индикаторы екені анықталды.

Бұл – палиноиндикация әдісін экологиялық мониторингте қолдануға зор мүмкіндік береді!

Сонымен қатар, 2026 жылы СҒЗЖ Республикалық байқауы біздің университет базасында өтетін болды!

Жеңімпаз студенттерімізді және ғылыми жетекшіні шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы биік белестер мен жаңа табыстар тілейміз!