MU РЕКТОРЫ «МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ОФИСІНДЕ ҚОНАҚТА
18.04.2025
Бүгін Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы декандармен бірге «Мұғалім» әлеуметтік жобасының офисін аралады. Жоба студенттер арасында білім беру бастамаларын қолдау және дамытуға бағытталған.
Қазіргі уақытта жобадан 32 студент стипендия алып, тағы 30 студент семинарлар мен сабақтарға тұрақты қатысуда.
Ректор университеттің «Мұғалім» жобасымен ынтымақтастығы өңірдің білім беру және әлеуметтік ортасын дамытуда маңызды қадам екенін атап өтті.
«Біз жастарды қолдау және білікті педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған болашақ бастамалардың негізі болатын серіктестік меморандумын жасасуды жоспарлап отырмыз», — деді Ержан Әмірбекұлы.
Шара барысында делегация студенттердің сабақтарына қатысты. Жақын арада тағы 8 студентіміз жобаға қосылу мүмкіндігіне ие болады. Түлектерді іріктеуде басымдық жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын студенттерге беріледі.
