MU ҚЫЗМЕТКЕРІ ПАРАНАСТОЛЬ ТЕННИСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
12.11.2025
Талдықорғанда параүстел теннисінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Жарысқа елдің 15 өңірінен келген шамамен 100 спортшы қатысты.
Павлодар облысы құрамасы сапында Марғұлан университетінің электрмонтері Қайрат Жамбаев өнер көрсетті. Қайрат жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, II орынды иеленіп, күміс медальға қол жеткізді.
Қайрат Жамбаевты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оған алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
