МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13.01.2025
2025 жылғы 13 қаңтарда аралығында Марғұлан университетінде оқытушыларға арналған Қысқы мектеп жобасы өз жұмысын бастады. Оқу семинары 17 қаңтарға дейін жалғасады. Іс-шараның мақсаты - білім беру процесінің сапасын жақсарту және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу. Қысқы мектеп бағдарламасы бойынша педагогикалық қызметтегі жаңа тәсілдерді дамытуға бағытталған түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Яғни, “Педагогикалық шеберлік орталығынан” шақырылған мамандар және ЖОО педагогтары өз білімдерімен және практикалық тәжірибелерімен бөліседі.
Қысқы мектептің бірінші күні "Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау: білімді бағалаудан оқу нәтижелерін бағалауға дейін", "Табысты білім беру ортасын құру үшін бағалау тәсілдері" сияқты өзекті тақырыптарды қамтитын семинарлар өтті. Сондай-ақ, тәжірибе бойынша электрондық күнделікпен жұмыс істеу бойынша сабақтар өтті. Қысқы мектепке қатысушылар жаңаша білім алып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің кәсіби қызметінде үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады. Бұл университеттегі білім беру процесін жақсартуға ықпал етеді.