МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
17.04.2025
17-18сәуірде Марғұлан университетінде қазақ тілі және әдебиеті бойынша республикалық студенттік олимпиада өтуде, оған Қазақстанның 10 жетекші жоғары оқу орныныңкомандалары қатысуда. Студенттер қазақ тілі мен әдебиетінде өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге дайын.
Олимпиаданың мақсаты — дарынды студенттерді анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ қазақтілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту. Олимпиаданың қатысушылары — өзге ұлт өкілдері. Бұл жастардың әртүрлі этникалық топтар арасында қазақ тілі мен әдебиетін оқуғадеген жоғары қызығушылығын көрсетеді, бұл мәдениаралық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.
Шараныңсалтанатты ашылуында Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, мұндай интеллектуалдық конкурстардың қазақтілін дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Оған қоса, олимпиаданың білім мен тәжірибе алмасу үшін тамаша платформа екенін жеткізді.
Биылолимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетаумемлекеттік университеті, М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Семей медициналық университеті, Қарағанды техникалықуниверситеті, Букетов атындағы Қарағанды университеті, Нұр-Сұлтан халықаралық университеті, Торайғыров университеті және Марғұлан университеті қатысуда.
Олимпиадаекі күн бойы жалғасады және қазақ тілі мен әдебиетінің терең білімін тексеруге бағытталған ауызша және жазбаша тапсырмаларды қамтиды.