Перейти к содержимому страницы.

MU ПРОФЕССОРЫ ТАШКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

08.10.2025

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Е. Кузембаев Өзбекстанның Низами атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде өткен «Қазіргі философия және даму перспективалары академик Жандар Төлегенов оқулары – 2025 атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысына онлайн форматта баяндама жасады.

Конференция аясында Н.Е. Кузембаев «Академик Б.Е. Кумеков еңбектерінде далалық өркениет: тарихи-философиялық аспект» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Шара барысында беделді қазақстандық ғалым, академик Б.Е. Кумековтің ғылыми мұрасында көрініс тапқан далалық өркениеттің қалыптасу және даму ерекшеліктері талқыланды.

Баяндамада далалық өркениеттің дамуының тарихи-философиялық аспектілеріне ерекше мән берілді