МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДКОЛЛЕДЖДІ БІТІРГЕНДЕРГЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ОҚУДЫ ҰСЫНАДЫ
04.04.2025
Бүгін Марғұлан университеті Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледждің түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді. Іс-шара аясында «Бастауыш оқыту», «Педагогика және бастауыш білім беру» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының өкілдері болашақ абитуриенттерге білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Колледж түлектеріне Марғұлан университетіндегі білім беру бағдарламалары мен қабылдау шарттары туралы толық мәлімет ұсынылды, сондай-ақ қысқартылған бағдарламалар бойынша оқудың нюанстары түсіндірілді. Мамандық таңдау, әлеуметтік жеңілдіктер және университетте оқу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, педагогикалық колледждерді бітіргендер университетте 2-3 жылдық қысқартылған бағдарламалар бойынша оқи алады.