Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПАВЕЛ ВАСИЛЬЕВТІҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

06.12.2024

Марғұлан университетінде көрнекті ақын Павел Васильевтің 115 жылдығына арналған «Азиялық фронтир: мәдени трансфер мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликова, Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулдығының вице-консулы Александр Дяченко, Марғұлан университеті академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко қатысып, барша қатысушыларды ақынның мерейтойымен құттықтады.

-Конференция өткізу университетіміз үшін тамаша дәстүрге айналғаны қуантады. Мұнда Еуразия ақыны Павел Васильевтің әдеби мұрасының жетекші ғалымдары, зерттеушілері бір емес, төртінші рет бас қосып жиналып отыр. Бүгін біздің университетіміздің қабырғасында шығармашылықты одан әрі зерттеуге арналған жарқын ойлар, идеялар, жаңалықтар көп шоғырланатын болады, - деді Ольга Константиновна.

«Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырса» деп данышпан Абай айтқандай, соңына мол мұра қалдырған Павел Васильевті де сол әдеби қазынасы арқылы мәңгі жасап жатыр деуге болады.

Пленарлық сессияны Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулдығының вице-консулы Александр Дьяченко және Павелдің туысы Васильева Гронская Светлана Ивановна (Мәскеу қ., РФ) ашты. Содан кейін Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Серік Елікбай, Филология ғылымдарының докторы, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің профессоры Валерий Хомяков, филология ғылымдарының докторы, Благовещенск мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Урманов, Марғұлан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Зифа Темірғазина және басқа да ғалымдар қатысып, баяндама жасады.

Сондай-ақ, Ильяс Жансүгірова әдеби мұражайының меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева (Талдықорған қ), Орынбор облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Юрий Комлев, Беларусь әдебиеті тарихы Мемлекеттік мұражайының директоры Сергей Усик (Минск қ., Беларусь), Иван Макаров атындағы Ряжск муниципалды кітапхана директоры Виктория Лотарева (РФ)сынды бірқатар шетелдік мамандар видео құтықтау жолдады.

Конференция жұмысы барысында екі бағытта баяндама оқылып, тұжырымдама жасалды. Бірінші бағыты «Павел Васильевтің поэзиясы ХХ ғасырлардағы қазақ-орыс шекарашыларының транскультуралық әдебиетінің бөлігі» тақырыбы. Екіншісі "Посткеңестік көркем әдебиет шығармаларының семиотикасы және рецепциясы. Мектеп пен университетте әдебиетті оқытудағы заманауи инновациялар" тақырыбында баяндама жасалды.

Барлық қатысушылар баяндама тақырыптарының сапалы, мазмұнды және қызықты болғанны атап өтті.