МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН НЫҒАЙТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
26.02.2025
Марғұлан Университетінде студенттер үшін парасаттылық, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы қағидаттарын нығайту және ілгерілету бойынша кезекті семинар тренинг ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Павлодар облыстық қоғамдық кеңесіндегі азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Жанғазы Еркеғали шақырылды және Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Қоқанов Шерхан сөз сөйледі.
Іс-шара интерактивті, топтық және пікірталас алаңы форматында өтті, онда топ жетекшілері өз көзқарастарын қорғап, пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, студенттер қоғамдағы және педагог мамандығындағы парасаттылықтың маңыздылығын, парасатты мінез-құлықты дамытуға кедергі келтіретін кейбір іс-әрекеттерге талдау жасады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылатынын еске саламыз.
Мұнда сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік принциптері бар жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды рөл атқарады. Жастармен осындай жүйелі және уақтылы алдын алу жұмыстарының арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті бар әділетті ұрпақ қалыптастырамыз.