МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ПАУЭРЛИФТИНГ БОЙЫНША АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
26.12.2023
Марғұлан Университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы, спортшы Ксения Окатенко классикалық пауэрлифтингтен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Малайзияның Джохор-Бару қаласында өткен ауқымды турнирге 28 елден 500-ге жуық спортшы қатысты.
Ксения Окатенко 84 келі салмақ дәрежесінде Жапония, Филиппин және Малайзиядан келген алты мықты бәсекелеске қарсы күш сынасты. Финалда жапондық спортшымен бірінші орын үшін таласты. Жерлесіміз 190 келі салмақтағы штанганы тік көтеруден қарсыласын көп ұпай айырмасымен басым түсті. Айта кетейік, Ксения бұған дейін штанганы әлдеқайда үлкен салмақпен көтерген.
Тартысты жарыстардың қорытындысы бойынша Ксения Окатенко жатып көтеруде бірінші орын, скватта екінші орын және тік көтеруде бірінші орын алып, жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол жалпы есепте бірінші орын алып, Азиядағы ең мықты спортшылардың бірі атағын тағы да растады.
Ксения Окатенко – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы, классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, әйелдер арасында жабдықталған пауэрлифтингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, стендтік пресс жабдықтары бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның бес дүркін чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
Ксенияны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, ағайынды Прокопенко Иван Валерьевич пен Андрей Валерьевичтер дайындайды, олар да біздің түлектер.
Ксенияны және оның жаттықтырушыларын Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймыз, оларға жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!