Перейти к содержимому страницы.

MU ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

05.03.2026

Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде академиялық мәселелер және білім сапасы комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Қатысушылар 2026-2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын талқылады.

Жиынға Павлодар мектептерінің басшылары мен мұғалімдері, Торайғыров университетінің өкілдері, сондай-ақ жоғары мектептің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Каримова жұмыстың негізгі бағыттары, білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарлары және білім беру сапасын арттыру шаралары туралы айтып берді. Ол бағдарламалардың мазмұны еңбек нарығының талаптары мен қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескере отырып жаңартылатынын атап өтті. Ғылыми жұмысқа және жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатуына ерекше назар аударылады.

Білім беру бағдарламаларының жетекшілері Б. Н.Абдрахманов, М.И.Оразханова, Г.К.Абзулдинова, А.С. Жолдабаева қолданыстағы білім беру бағдарламаларын, олардың құрылымын, мақсаттары мен міндеттерін, оқытудың негізгі нәтижелерін, базалық және бейіндік пәндердің тізбесін, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ұсынды.

Талқылау барысында стейкхолдерлер элективті пәндер тізімін кеңейту, студенттердің практикалық дайындығын күшейту және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі туралы айтты.

Кездесу соңында беру бағдарламалары мен элективті пәндерді одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар ортаға салынды.