Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ МЕН БРИТАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ САРАПШЫЛАРЫ БІЛІМ САПАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

05.03.2024

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті өкілдері 2024 жылғы 29 ақпан – 1 наурыз аралығында Алматы қаласында өткізілген Британ Кеңесінің «Интернационалдандыру: сапаны бағалау және әдіс-тәсілдер» форумына қатысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі британдық және қазақстандық университеттер арасындағы интернационалдандыруды, сапаны қамтамасыз етуді және ынтымақтастықты белсенді түрде қолдап келеді. Форум қазақстандық және британдық университеттердің сарапшылары жиналып, трансұлттық білім беруді дамыту және сапаны қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Форумның бірінші күні қатысушыларды Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Көбенова Гүлзат Ісбасарқызы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Тойбаев Әділет Жүнісұлы, сондай-ақ Британ Кеңесінің білім беру директоры Маддалейн Анселл қарсы алды.

Форумда интернационалдандырудың әртүрлі аспектісі, сапаны қамтамасыз ету және Қазақстан үшін тиімді тәсілдер талқаланды. Сондай-ақ жұмыс барысында Қазақстандағы интернационалдандыру стратегиясын жүзеге асыру, InterLinks гранттарының нәтижесі, серіктестік табыстарын бағалау және мәселелерді шешу қаралды.