МU МАМАНЫ МИНИСТРЛІКТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
05.07.2024
Университетіміздің Әкімшілік департаменті Құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттік тіл маманы Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Салалық кеңестің мүшесі болып тағайындалды.
Кәсіби аударма қызметі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Салалық кеңес) мақсаты аударма ісі саласындағы кәсіби біліктілікті дамыту бойынша мәселелерді үйлестіру болып табылады.