Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

13.11.2025

Бүгін Марғұлан университетінде жастардың девиантты мінез-құлқын зерттеу зертханасының ашылу рәсімі өтті. Бұл жаңа алаңда студенттер мен оқытушылар жасөспірімдердің құқықбұзушылық себептерін, олардың алдын алу жолдарын зерттеп, өзекті әлеуметтік мәселелердің шешу тәсілдерін іздестіретін болады.

Тәрбие және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында университет әрдайым тәжірибелі мамандармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Себебі жастардың дұрыс өмірлік ұстанымдарды таңдауы — тек бірлескен еңбектің нәтижесі.

Бүгінгі дөңгелек үстелге білім басқармасының, әскери прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, экономикалық қылмыстармен күрес департаментінің, ювеналды полицияның және өзге де құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Біз барлық қатысушыларға белсенділік пен қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғыс білдіреміз. Адал, жауапты жастарды тәрбиелеу — педагогтар, ата-аналар және мемлекет өкілдерінің ортақ міндеті. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана жастар әділдік, абырой және қоғамға сенім сезімімен өседі.