Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

05.07.2024

Дүниежүзілік банк пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобасы аясында Unowa/MIKKO халықаралық ұйымының қолдауымен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде инклюзивті кабинет ашылды.

Болашақ педагог-психологтар, логопедтер, дефектологтар даярланатын кабинеттің міндеті – ақпараттық-коммуникациялық кедергілерді жою және балалардың оқу үдерісіне енуіне қолайлы жағдай жасау.

Педагогика жоғары мектебінің деканы Ботагөз Нұрмағамбетова атап өткендей, Дүниежүзілік банк жобасы аясында Педагогика жоғары мектебінің 5 оқытушысы ABA қолданбалы мінез-құлық талдауы және ADOS 2 аутизмнің ерте диагностикасы бойынша оқыту курсын аяқтады.

Инклюзивті кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сенсорлық дамуына арналған соңғы инновациялық диагностикалық модульдермен жабдықталған: алты бағыт бойынша балаларды диагностикалауға арналған жинақ; есту-сөйлеу симуляторлары; Брайль принтерлері; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы тінтуір мен пернетақта; логопедиялық жинақтар және т.б.

Кабинет визуалды түрде бірнеше аймақтарға бөлінген, бұл өз кезегінде студенттерге әртүрлі мүгедектік түрлерімен, соның ішінде аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмысжасауға және диагностиканы зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл кабинеттің көмегімен студенттер алған білімдерін іс жүзінде іске асыра алады.