МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМ ДЕКАДАСЫ БАСТАЛДЫ
07.04.2025
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде дәстүрлі түрде ғылым декадасын бастады. Алғашқы шара республика көлемінде студенттердің биология бойынша зерттеу жұмыстарына конкурс өткізу болды, оны Жаратылыстану жоғары мектебі ұйымдастырды.
Конкурс Қазақстанның түкпір-түкпірінен студенттер мен оқытушыларды жинады. Ол бакалавриаттың Жаратылыстану ғылымдар бағытындағы студенттер мен колледж оқушыларына арналған. Шараның мақсаты — студенттерді ғылыми жұмысқа белсене тарту арқылы білім сапасын арттыру және білім мазмұнын жаңарту.
Конкурс екі номинация бойынша өтті:
- «Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері арасында биология бойынша ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы»;
- «Ең үздік әдістемелік жұмыс және педагогикалық мақала».
Биыл конкурста еліміздің бес жоғары оқу орнынан 20 студент қатысты. Шара оффлайн және онлайн форматта өткізілді, бұл қатысушылардың аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Конкурстың ерекшелігі ретінде университет оқытушыларымен қатар Павлодар қаласының биология пәнінің мұғалімдерінің де қазылар алқасына қатысуы, студенттердің жұмыстарын мұқият бағалауға жол ашты.
Бұл конкурс жыл сайынғы дәстүрге айналып, университетте студенттердің ғылыммен айналысуға деген қызығушылығын арттырып келеді.