Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ "ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ" БАСТАЛДЫ

16.04.2025

Марғұлан университетінде «География апталығының» ашылуы өтті.

3-курс студенттері "География – Тарих" мамандығы бойынша викторина, шығармашылық қойылымдар мен қызықты конкурстар дайындады. Қатысушылар тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, географиялық тақырыпта би де биледі, ал финалда палатканы кім тез әрі дұрыс жинайтынына жарысты.

Көрермендер үшін де қызықты болды — оларға дұрыс жауап бергені үшін сыйлықтармен мини-викториналар өткізілді.

Конкурсқа 1, 2 және 4 курс студенттері қатысты. Жеңіске 4 курс командасы «Қазақстанның экономикалық аудандары» ие болды. Екінші орын 2 курс командасы «Эверест» алды, ал үшінші орынды 1 курс командасы «Меридиан» иеленді.

Бұл шара «География апталығының» жақсы бастамасы болды, ал студенттерді алда тағы да көптеген қызықты оқиғалар күтуде.