Перейти к содержимому страницы.

MU ҒАЛЫМЫ ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

23.11.2024

2024 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында "Мұрағат 2025: қорытындылар мен перспективалар" ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Марғұлан университетінің профессоры , тарих ғылымдарының докторы Гүлфира Өтепова қатысты. Іс — шара аясында оның жетекшілігімен дайындалған «Материалы и документы РГВИА по истории Казахстана XIX века» құжаттар жинағы ұсынылды, ол еліміздің тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуге маңызды үлес қосты.

Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрағат істері, кітап істері жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Рустам, ҚР орталық мемлекеттік мұрағатының директоры С.Шілдебай, Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры Ж.Болдықов және басқалар қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар мұрағаттық құжаттарды жинау, сақтау және жариялау процестеріне байланысты негізгі мәселелерді, сондай-ақ, оларды ғылыми зерттеулерде қолданудың маңыздылығын қозғады.