Перейти к содержимому страницы.

MU ҒАЛЫМЫ ГРЕКИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

16.06.2025

Педагогика және психология білім беру бағдарламасының оқытушысы Кенжебаева Жумагүл Төлегенқызы қазіргі уақытта Erasmus+ халықаралық бағдарламасы шеңберінде Грек Республикасының Батыс Македония университетінде (University of Western Macedonia) академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама барысында Жумагүл Төлегенқызы шетелдік әріптестерімен ғылыми және оқу-әдістемелік ынтымақтастық орнатып, педагогикалық тәжірибемен бөліседі.