Перейти к содержимому страницы.

МU ҒАЛЫМЫ БІШКЕКТЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

27.03.2025

Археологиялық зерттеулер институтының «UMAI»мәдени мұраны сақтау және қалпына келтірудіңхалықаралық зертханасының меңгерушісі Тетяна Крупа Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Орталық Азиядағы Америка университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында «Таврик Херсонес қамалы: қазба жұмыстары мен Рим және Византия дәуірінің мұрасын сақтау» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Дәріс барысында В.Н. Каразин атындағы Харьков ұлттық университетінің (Харьков қ., Украина) «Цитадель»экспедициясы 1996-2008 жылдары жүргізген зерттеулердің нәтижелері айтылды. Т. Крупа осы экспедиция жұмысына қатысып, сәулет-археологиялық консервациялау тобын басқарды. Нысандардың архитектуралық және археологиялық консервациясына, Рим және Византия дәуірінің бекініс стратегиясына, сондай-ақ Херсонестың Солтүстік Қара теңіз аймағындағы әскери-стратегиялық орталық ретіндегі маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді.

Іс-шараға қатысушылар сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру әдістерімен, оларды қазіргі жағдайда сақтаудың күрделілігімен және табылған артефактілердің тарихи маңызымен танысты. Дәріс Орталық Азиядағы Америкауниверситетінің студенттері мен оқытушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды, әсіресе мәдени мұраны зерттеу мен сақтау пәнаралық көзқарас контекстінде.

Ашық дәріске Украинаның Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің өкілдері де қатысып, ортақ тарихи мұраны сақтау мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу 2025 жылдың 5 наурызында Орталық АзиядағыАмерика университетінде әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын көрсететін белсенді пікірталас атмосферасында өтті.