МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТҮРКИЯ МЕН ӘЗІРБАЙЖАН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫМЕН ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУДА
11.11.2024
«Қазақстанның трансмәдени әдебиеті әлемдік әдеби ағымның бір бөлігі ретінде» жобасының ғылыми-зерттеу тобының мүшелері-Марғұлан университеті академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко мен профессор Зифа Теміргазина Түркия мен Әзірбайжанға жасаған ғылыми сапарларын сәтті аяқтады.
Университет ғалымдары 25 қазанынан 3 қарашаға дейін Ыстамбұл университетінде болып, ондағы әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, оқу орнының кітапханасында зерттеуге бағытталған маңызды материал жинады. Ғалымдар сонымен қатар, университеттің ғылыми қауымдастығынан мәдениетаралық әдебиеттерді талдау әдістері бойынша құнды ұсыныстар алды.
5-10 қараша аралығында жоба жетекшісі Ольга Андрющенко мен бас ғылыми қызметкер Зифа Теміргазина Әзірбайжанда ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Баку мемлекеттік университеті мен Сумгаит мемлекеттік университетіне барып, түркі әлемін зерттеу және мәдениетаралық зерттеулер бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Сапар аясында гибридті трансмәдени мәтіндерді талдау әдістері туралы, атап айтқанда, Р.Сейсембаевтың «Отчаяние, или мертвые бродят в песках» романындағы стилистикалық патчворк туралы баяндама ұсынды. Осы кездесулер барысында олар профессор Eminli Böyükxanım-нан гибридті мәтіндерді талдау әдістемесі бойынша ұсыныстар алды.
Бұл сапар Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан зерттеушілері арасында білім алмасуға және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, жобаны одан ары дамытуға жол ашатын болды.