Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЕГІЗ ЛЕБІЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

14.03.2024

Оқытушылар мен студенттер арасындағы өнер сайысын педагогика жоғары мектебінің бірінші және екінші курс студенттері ұйымдастырды.

-Көктем ерекше мезгіл, ән айтып, би билеуге деген шабытың оянатын уақыт. Сондықтан музыкалық байқау өткізу туралы шешім қабылданды. Бізге педагогика жоғары мектебі және сарапшы педагог Айгүл Насырқызы қолдау көрсетті,- дейді педагогика жоғары мектебінің 2 курс студенті Айсәуле Шәкен.

Қазылар алқасының құрамында гуманитарлық ғылымдар мектебінің вице-деканы Данияр Кенжеалиев, педагогикажоғарымектебінің вице-деканы, педагогика ғылымдарының магистрі Арай Рахымжанова, студенттік филармониясының директоры Абзал Абдоллаев, педагогика жоғары мектебінің студенттік деканы Аида Балтабаева және ПМНО-21 тобының студенті Айсәуле Жанатқызы болды.

Нәтижесінде Гран-приді «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Альфинұр Валиева мен музыкалық білім беру мамандығының 1-курс студенті Арсен Шорманов жеңіп алды.
- Тимур маған кеше ғана бірге ән айтуды ұсынды! Бірден келістім. Бір күнде дайындалып, осындай жетудің өзі керемет емес пе?! Ке-келген дүниені көп ойланбастан, тартынбай бастап кетсеңіздер соңында бәрі ойдағыдай болады екен, осыған көзіміз жетті, - дейді Альфинур Валиева.

Бірінші орын дәстүрлі әнші, өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы Салтанат Қисатова мен студент Нұрай Мұратбекке бұйырды. Лаура Мұстапқызы мен Қаршыға Қамаранов екінші, Әсем Еркенқызы мен Арман Шәмелбай үшінші орынды иеленді.

«Көрермендер көзайымы» номинациясын Лаура Мұстапқызы мен Қаршыға Қамаранов иеленді.