МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АУТИЗМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТУ КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ӨТТІ
02.04.2024
«Арнайы педагогика» ББ студенттері қала тұрғындарына аутизм мәселесі туралы ақпарат берді. Акция «Барыс» сауда үйінде, «Batyr mall» сауда орталығында, RESPECT бизнес орталығында және жоғары оқу орнында өтті. Шара барысында сауалнама жүргізіліп, ұйымдастырушылар тұрғындардың сұрақтарына да жауап берді, аутизм туралы негізгі деректері бар ақпараттық брошюралар таратты.
Педагогика жоғары мектебінің деканы Ботагөз Нұрмағамбетова бұл күнді өткізудің маңыздылығына тоқталып, басты мақсат - азаматтардың назарын аутизм проблемаларына аудару, жазылмайтын дертке шалдыққан адамдарға қолдау көрсету екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан бері 2 сәуір Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні ретінде аталып өтіледі. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылы 18 желтоқсандағы аутизммен ауыратын балалардың көптігіне деген алаңдаушылықтан туған қарарымен қабылданды.