Перейти к содержимому страницы.

MU-ДЕ «НАУРЫЗ» ВИКТОРИНАСЫ ӨТТІ

18.03.2026

18 наурыз күні бас оқу ғимаратының үлкен залында көктем мен жаңарудың шынайы мерекелік атмосферасы орнады.

Наурыз мейрамына орай Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі арасында «Наурыз» атты жарқын әрі қызықты викторина өтті. Аталған сайысқа 1 және 2 курс студенттерінен құралған 4 команда қатысты. Олар «Орыс тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Шетел тілі» білім беру бағдарламаларын ұсынды

Қонақтар ұлттық әндер мен көңілді билерді тамашалап, дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Шара ,жылулыққа толы, бірлік пен мәдени байлықты дәріптейтін ерекше атмосферада өтті.

Викторина қорытындысы бойынша:

Гран-при — «Шетел тілі» БББ

1 орын — «Тарих кафедрасы» БББ

2 орын — «Орыс тілі мен әдебиеті» БББ

3 орын — «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Наурыз рухы сіздерге шабыт, жаңа жетістік пен тек жарқын сәт сыйласын!