Перейти к содержимому страницы.

MU-ДЕ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАҢА ФУНКЦИЯ ЕНГІЗІЛДІ

12.02.2025

Марғұлан университетінде негізгі жүйелер мен Бірыңғай кешенді ақпараттық жүйе (БКАЖ), Жеке кабинеттер және Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) өзара әрекеттесуді жеңілдететін жаңа функционал енгізілді.

Енді осы жүйелердің кез келгеніне кіргеннен кейін пайдаланушылар қосымша логин мен құпиясөз енгізбей-ақ жүйелер арасында еркін ауыса алады.

Бұл платформа жұмыс процестерін айтарлықтай жеделдетіп, университеттің жоғары мектептері мен құрылымдық бөлімшелері арасындағы тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа функция қазірдің өзінде университеттің барлық қызметкерлеріне қолжетімді болды.