Перейти к содержимому страницы.

MU ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

31.03.2026

Жуырда Астана қаласында халықаралық «Informatrix-Asia 2026» инновациялық байқауы өтті. Онда әлемнің тоғыз мемлекетінен – Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Гонконг, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 500-ге жуық дарынды оқушы 9 бағыт бойынша өз жобаларын қорғап, IT саласын бағындыруда үздік атануға атсалысты.

Аталмыш сайысқа Марғұлан университеті бөлген білім грантын Ақсу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары Ислам Акрамов мен Бекнұр Нұрғазы ұтып алды.



Олар Filmmaking (Short Movie) секциясы бойынша II орынды иеленіп, халықаралық байқаудың күміс жүлдегерлері атанды. Алдағы уақытта оқушылар Марғұлан университетінің студенттер қатарына қосылады.