MU-ДА ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
31.10.2024
Бүгін MARGULAN UNIVERSITY-де дуальды оқыту мәселелеріне арналған кездесу өтті, оған студенттер, тәлімгерлер және ЖОО басшылығы қатысты. Басқарма төрағасының міндетін атқарушы-ректор Жанбол Жилбаев қазіргі заманғы жоғары білімді осы уақыт талабына сай дамыту қажет екенін атап өтті. Дуальды оқыту білім беру бағдарламаларында тәжірибеге негізделген тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі трендтердің біріне айналды. Биыл университетте дуальды 471 студент дуальды жүйеде оқып бітірді және жұмыс берушілер тарапынан оң пікірлер берілді.
Бүгінгі таңда Марғұлан университетінде дуальды жүйеде 879 студент оқиды. Жалпы 19 білім беру бағдарламасында жүзеге асырылуда, оның 399 — ы бірінші курс студенттері. Бұл жүйеде оқитын студенттердің көбі педагогика жоғары мектебінде.
Кездесуге қатысушылар дуальды оқытудың артықшылықтарын ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісі барысында туындайтын түрлі мәселелерді талқылады. Кейбір студенттер нақты жұмыс жағдайларына бейімделуге қиындықтар барын және тәлімгерлерде кері байланыс жоқтығын атап өтті. Тәлімгерлер де өз кезегінде жоғары жүктемеге байланысты студенттерді толыққанды басқаруға уақыттың жетіспеушілігін атап өтті.
Университет оқытушылары осы мәселелерді шешу бағытында екі тарап бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Мұндай бастамалар дуальды оқыту мен даярлау сапасын жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз