МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІТІРУШІЛЕРДІ ТАРАТУ ЖҮРІП ЖАТЫР
29.05.2025
Бүгін Марғұлан университетінің 242 түлегі тарату рәсімінен өтіп, білім беру ұйымдарында еңбек жолын бастау мүмкіндігіне ие болады. Жаңа нормативтік ережелерге сәйкес, жоғары GPA көрсеткіші және ОЗП пәні бойынша қажетті балл жинаған студенттер конкурссыз негізде білім беру мекемелеріне жіберіледі.
Іс-шараға облыстық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысып, жас мамандармен жеке танысуда.
Марғұлан университетінің академиялық істер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко бұл жөнінде былай деді:
«Үздік түлектеріміз өз саласында жұмыс табады, қоғамға пайдалы болады және университетте алған білімдерін іс жүзінде көрсете алады деп сенеміз», – деді ол.
