МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
04.07.2025
Университетімізде барлығы 81 білім беру бағдарламасы әзірленіп, сараптамадан өткізіліп, білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді. Атап айтқанда, 51 – бакалавриат, 21 – магистратура және 9 – докторантура деңгейлері бойынша білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Бағдарламалардың мазмұны тұрақты жаңартылып, толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отырады.
Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы Лаура Нұржанқызының айтуы бойынша, білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен оқу-әдістемелік бөлімі әдіскерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 2025 жылдың басынан бастап бұл бағытта нәтижелі жұмыс атқарылды.
Университетіміздің 80 % (68 ББ) білім беру бағдарламасының мазмұны стейхолдерлердің ұсыныстары негізінде және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкестендіру мақсатында қайта қаралды. Жаңартылған білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешен мазмұнына өзгерістер енгізілді. Оқу-материалдарының контенті толықтырылып, силлабустар жаңадан әзірленді. Сонымен қатар Түркия, Моңғолия және Өзбекстан мемлекеттерінің ірі университеттерімен бірлесіп, жаңадан қосдипломды инновациялық білім беру бағдарламалары әзірленіп, сараптамадан өткізіліп, білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу үшін мақұлданды. https://epvo.kz/#/register/education_program
Лаура Нұржанқызы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту жұмыстары жалғасатындығын және тұрақты назарда болатынын атап өтті.