MU БАЛУАНЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
01.12.2025
Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Шынтайұлын еске алуға арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы «Алыш» белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Республикалық турнирге Қазақстанның 13 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.
90 кг салмақ дәрежесінде ерекше көзге түскен Марғұлан университетінің 3-ші курс студенті Ерен Сәбит Павлодар қаласының намысын қорғап, жоғары дайындық пен мықты техникасын көрсетті.
Жас балуанға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
