МU БАЛУАНДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
06.10.2025
Баянтауда қазақ күресі бойынша облыстық чемпионат өтті, оған Марғұлан университетінің студенттері қатысты.
82 кг салмақ дәрежесінде ФМ-31 тобының студенті Ерен Сабит құрметті 3-орын иеленді. 74 кг салмақта ФКС-33 тобының студенті Бақытжан Нұржол жеңімпаз атанып, 1-орынға лайық деп танылды. ФКС-27 тобының студенті Амир Кабиев66 кг салмақ дәрежесінде 2-орын, ал ФКС-11 тобының студенті Кендебай Диас60 кг салмақта 3-орынды жеңіп алды.
Енді біздің спортшылар іріктеуден өтіп, университет атынан Қазақстан чемпионатында, Шымкент қаласында өтетін жарыста өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтап, республикалық деңгейде табыстар тілейміз!




