Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

04.09.2024

 Жаңа оқу жылының басталуымен Павлодар облысының оқу орындарында "Адалдық сағаты" жалпы республикалық акциясы қайта жанданды. Бүгін Марғұлан университетінде 1 курс студенттерімен кездесу өтті.

Спикер ретінде "Қағандық" ҚБ басшысы, Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының зейнеткері Еркеғали Жанғазы және университеттің комплаенс-офицері Шерхан Қоқанов сөз сөйледі.

Іс-шара барысында парасаттылық, адалдық және әділдік, қазіргі қоғам үшін сыбайлас жемқорлық қаншалықты қауіпті және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда не істеу керектігі сияқты моральдық қасиеттер талқыланды.

Сондай-ақ, студенттер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" және "Саналы Ұрпақ"  жобаларына қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрескерлердің бірі болуға шақырылды.

Өз кезегінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Мұндай түсіндіру іс-шаралары оқушылардың құқықтық білімін нығайтып қана қоймай, олардың күшті сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға арналған.