Перейти к содержимому страницы.

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

22.04.2024

2024 жылғы сәуірдің 17-де алыс және жақын шет елдердің халықаралық ынтымақтастығы аясында Моңғолия Ұлттық университетінің Шығыс аймақтық филиалында онлайн форматта халықаралық конференция өтті. Оған Марғұлан университетінен PhD докторы, «Шет тілі: екі шет тілі» БББ қауымдастырылған профессоры Айгүл Болатқызы Ахметова спикер ретінде қатысып, «Assessing motivation while learning English of the students in the middle school» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция жұмысына АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстан сияқты елдердің ғалымдары қатысты. Спикердің айтуынша, аталған іс-шара Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық ынтымақтастығы мен ғылыми зерттеулері саласындағы өзара игі байланысты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

-Конференция барысында Қазақстандағы жасөспірердерге ағылшын тілін оқыту, оларға мотивация беру мәселелері қарастырылды. Яғни зерттеу барысында бұған дейін жоғары сынып оқушыларының ағылшын тіліне қызығушылығы төмен екені анықталған. Жиын барысында осы мәселені шешу жолдары талқыланды,-деді Айгүл Ахметова.