Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN UNIVERSITY АРУЫ – 2023

27.04.2023

Марғұлан университетінде дәстүрлі «Марғұлан университеті аруы – 2023» байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін қолдау, сондай-ақ жастарды эстетикаға баулу.

Байқау бірнеше кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің визиткаларын ұсынды. Екінші кезеңде күрделі сұрақтарға жауап беру арқылы интеллектуалдық қабілеттері мен білімдерін көрсетті. Үшінші кезеңде арулар ән-би нөмірлерін ұсынып, театрландырылған көрініс қою секілді шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Сұлулық байқауының ақтық сынына іріктеу кезеңінен өткен 8 ару қатысты. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша «Miss Margulan university – 2023» байқауының жеңімпазы Қайыр Қарақат атанды. Сәкенова Мерей «I Вице-Мисс» тәжін алды. «II вице-мисс» атағы Әбдіқани Мерейге берілсе, Мұратова Сағыныш «III вице-мисс» атағының иегері болды.

Сонда-ақ, Еркеш Сая «Көрермендер көзайымы», Сіләмхан Дидар «Өнерлі ару» номинациясы бойынша марапатталды.