Перейти к содержимому страницы.

МИНИСТР КЕҢЕСШІСІ MARGULAN UNIVERSITY-ГЕ КЕЛДІ

15.09.2025

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жұмыс сапарымен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде (Margulan University) болды.

Сапар барысында ол университеттің қызметімен танысып, оқу аудиториялары мен зертханаларды аралады, сондай-ақ жоғары білімді дамыту бағыттары бойынша университет басшылығымен пікір алмасты.

Бағдарлама аясында оқытушылар және студенттермен кездесу ерекше назарда болды. MU TEAM жобасы аясында ашық диалог өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Руслан Емелбаев білім беру ортасын дамытуда бастамашыл әрі белсенді жастардың маңыздылығын атап өтіп, Margulan University-де болып жатқан оң өзгерістерді жоғары бағалады.