Перейти к содержимому страницы.

МИНИСТР АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

17.06.2022

Бүгін Павлодар педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді.

Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы- Ректор Жанбол Жилбаев Министрге биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан жоғары оқу орнының білім-ғылым саласындағы жұмыстарды және одан әрі даму стратегиясы туралы баяндады.

Еліміздің бас ұстазы ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Жиын барысында білім саласындағы басым міндеттер мен студенттерге сапалы білім беру мәселелері талқыланды.

«Бүгінде білім мен ғылым саласында үлкен оң өзгерістер орын алуда. Мұның барлығы Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатыр. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жүзеге асуы, қазақ ұстаздарының беделінің артуы жас ұстаздарға үлкен бастамалық мүмкіндіктер беріп отыр», - деді Асхат Қанатұлы.

Асхат Аймағамбетов аймақтық университеттің жоғары ғылыми және білім беру әлеуетін атап өтті және ЖОО оқытушыларына Финляндия ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқан мұғалімдердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыстар үшін алғысын білдірді.

«Сіздің ұжым студенттердің практикасы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына басты назар аудара отырып, болашақ мұғалімдерді дайындауда үлкен жұмыс атқаруда. Бүгін мен мұнда көздерінде оты бар, болашаққа үлкен сеніммен қарайтын пікірлес жастар мен ғылымға құмар жандардан құралған ұжымды көрдім. Олардың алға қойған барлық армандарының орындалуын тілеймін!», - деді ол.

Министр университет ұжымын мерейтойымен құттықтап, білім саласы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауда табыс тіледі. Сондай-ақ, университет ішіндегі Олжас Сүлейменов атындағы шығармашылық орталықты, дәліздегі естеліктер тақтасын тамашалады.

Еске салайық, еліміздің білім саласына жоғары білікті мамандарды даярлау саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Павлодар педагогикалық университеті биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.