МU-ГЕ МОҢҒОЛИЯ ЖУРНАЛИСТЕРІ КЕЛДІ
27.03.2026
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде халықаралық деңгейдегі маңызды кездесу өтті.
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Бұқаралық радиосы (Қазақ радиосы) ұжымы оқу орнының жұмысымен танысып, білім беру үдерісінің бүгінгі бағытына назар аударды.
Университет ректоры Ержан Әмірбекұлы кездесу барысында шетелден келген студенттерге жасалып отырған жағдайлар мен олардың білім алуына орай жасалған мүмкіндіктер жайлы сөз етті.
Қонақтар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және қосдипламды бағдарламамен танысып, химия зертхана, ғылыми кітапхана, Олжас Сүлейменов аудиториясы мен биоценология орталығын аралады. Сонымен қатар, студенттер өз өнерлерін көрсетіп, еркін форматта диалог жүргізді.
Баян-Өлгий аймағы Бұқаралық радиосының директоры Нұрболат Өнерханұлы университет ұжымына ризашылығын білдіріп, екіжақты байланысты нығайтуға дайын екенін жеткізді.







