Перейти к содержимому страницы.

"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ҰЛТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ИДЕЯСЫН ГУМАНИТАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР"

16.04.2020

2020 жылы 16 сәуір күні  т.ғ.к. ПМПУ Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Н. Е. Күзембаев Павлодар және Қарағанды мұғалімдеріне "Мәңгілік Ел"  ұлттық-патриоттық идеясын гуманитарлық мектептерде оқытудағы маңызды мәселелер" тақырыбында вебинар өткізді.

Шара "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы төңірегінде мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына негіздеме ретінде өтті. Вебинар барысында ғылыми жаңалықтар, жоба нәтижелері, жобаны қорғау дайындықтарының ерекшелігі сияқты мәселелер талқыланды. Шараның негізгі бөлімінде мұғалімдер жобаны қорғау мен жазудағы негізгі түйткілдер жөнінде айтты. Вебинарды 72 адам тыңдады. Олардың арасында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы мен вице-декандары Қ. С. Ерғалиев, О.К. Андрюшенко,    М.И. Оразханова, Н.К. Қаршығанов, Павлодар қалалық гуманитарлық бағыттағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің тәрбиешілері мен ұстаздары, Павлодар қалалық Жетекші жалпы орта мектебінің, Успен ауданының Равнополь жалпы орта мектебінің, Тереңкөл ауданының Береговой жалпы орта мектебінің, Железин ауданының жалпы орта мектебінің, Ақсу қалалық №1 мектебі, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Көкпекті орта мектебінің ұстаздары мен тәрбиешілері қатыстыVebinar

Vebinar2