Перейти к содержимому страницы.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН УНИВЕРСИТЕТАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

25.02.2022

2022 жылдың 23 ақпанында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті мен Павлодар педагогикалық университеті арасында «Жаратылыстану-ғылыми білімнің өзекті мәселелері: ғылыми ынтымақтастықтың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы шарт аясында және Биология БББ бойынша магистрантарының тағылымдамадан өтудің бастамасы болып табылады. Қатысушылар қатарында екі оқу орнының оқытушы-профессор құрамы, магистранттар, докторанттар болды. Екі оқу орнының материалдық техникалық базасы, «Биология, география және химия» кафедрасы мен Жаратылыстану жоғары мектебі арасындағы ғылыми-зерттеу бағыттары, аймақтардың табиғи климаттық, экологиялық ерекшеліктері т.б. ақпараттар ортаға салынды.

Павлодар педагогикалық университеті атынан Биология  БББ магистранттары және докторанттары, Жаратылыстану жоғары мектебінің БББ жетекшісі Г.К.Тулиндинова және тәжірибелі ұстаз ғалымдар қатысты. ППУ-нің биоценология және экологиялық зерттеулер орталығының директоры, б.ғ.д., профессор Б.Қ. Жумабекова «Павлодар педуниверситетінің биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу жұмысының жағдайы мен болашағы», мәдениеттану к., профессор В.Н.Алиясова «Павлодар Ертіс өңірінің палеонтологиялық зерттеулері» тақырыптарында баяндама жасады.  Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда университеті атынан «Биология, география және химия» кафедрасының профессоры, б.ғ.д. С.Ж. Ибадуллаева, кафедра меңгерушісі, PhD Г.Б.Тоқтағанова, қауымдастырылған профессор, б.ғ.к. Р.Х.Курманбаев, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.А.Назарова қатысты. Дөңгелек үстел барысында биологиялық білім беру, биологиялық ғылыми-зерттеулер, экологиялық мәселелер жөнінде көкейтесті сұрақтар қойылып талқыланды.

Аталған ЖОО-ның Биология БББ бойынша магистрантар өздерінің магистрлік диссертация тақырыбы аясында ғылыми кеңестер алуға және білім алушылар арасында сауалнама, тесттер, ғылыми деректер жинауға мүмкіндіктер алып, зерттеу нысанының аясы кеңейтілді. Екі жоғарғы оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы бірлескен БББ жасауға, ғылыми зерттеу жүргізуге, оқу-әдістемелік жұмыстар дайындауға, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға, авторлық бірлескен Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарға мақала жариялауға келіссөздер жүргізді.