Перейти к содержимому страницы.

МЕРЕКЕЛІК ШАРАДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

02.05.2023

Кеше Павлодар қаласы Естай атындағы мәдениет сарайының алдында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко және профессорлық-оқытушылық құрам қатысып, облыс әкімі Асайын Байханов бастаған қонақтарға Марғұлан университеті білім беру бағдарламаларын таныстырды.

- Мерекелік шара барысында алаңда білім беру көрмелері өтті. Біз тұрғындарға студенттеріміздің жұмыстары мен университеттің білім беру бағдарламаларын таныстырдық. Қонақтар арасында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов болды.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен байқаулар ұйымдастырылды. Оған Кенжекөл ауылының балалары қатысты, - деді Ольга Андрющенко.