Мереке қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
01.10.2021
Қарттар күні қарсаңында Павлодар педагогикалық университетінің қызметкерлері ардагерлерін мерекесімен құттықтап келді.
Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев университет басшылығы және кәсіподақ ұйымымен бірге университеттің ардагер оқытушыларын мерекесімен құттықтады. Олардың ішінде университеттің дамуына елеулі үлес қосқан Наум Григорьевич Шафер, Лилия Гизатуллақызы Базарбекова, Камила Жұматайқызы Садықова және басқа да оқытушылар бар.
Жанбол Жилбаев ардагерлерге университеттің дамуына қосқан зор үлесі мен көп жылдық адал еңбегі үшін жылы лебізін білдірді.
«Сіздер өз өмірлеріңіздің көп жылын бүгінде Қазақстандағы педагогикалық білімнің флагманы болып табылатын университетке арнадыңыз. Біз әрқашан жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз, және өмірлік ұстанымда сіздерден үлгі аламыз», - деді Жанбол Октябрович.
Мереке қарсаңында университеттің студенттері мен оқытушылары 115 ардагерге барып, оларға құттықтау хаттарын, гүл мен сыйлықтарын табыс етті.