Профессор Виктор Кольев атындағы кабинет ашылды
01.10.2021
Ұстаздар күні қарсаңында Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінде жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Виктор Кольев кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс -шараның құрметті қонақтары Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту басқармасының өкілдері, спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Т.Кольевтің шәкірттері болды.
Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев өзінің құттықтау сөзінде атақты жаттықтырушы Виктор Кольев Павлодар Ертіс өңірінде жеңіл атлетика дәстүрлерінің негізін қалағанын, жүздеген көрнекті спортшыларды тәрбиелегенін, университеттің дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті.
«Оқытушылар мен студенттерді аңызға айналған ұстаз Виктор Тихонович Кольев атындағы кабинеттің ашылуымен құттықтаймын! Бұл кабинет мұғалімдер мен оқушылардың қажырлы еңбегінің, жаттықтырушының сүйікті жұмысына адалдығының, жаңа жеңістерге жетуге ынталандырудың символына айналсын!» - деді Жанбол Октябряұлы.
Виктор Тихонович Кольев министрліктің жолдамасы бойынша 1967 жылы Винница мемлекеттік педагогикалық институтының үздік дипломымен Павлодарға келді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетінің негізін қалаушылардың бірі.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы 50-ден астам Қазақстан Республикасының чемпиондарын, Дүниежүзілік Универсиада чемпиондарын, «А» тобының халықаралық жарыстарының жеңімпаздарын, Әлем, Азия, Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындады.