Перейти к содержимому страницы.

МЕРЕЙ ТОЙ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

14.01.2022

Павлодар педвгогикалық университетінің ұжымы Ахметзянова Надия Хабибрахманқызын мерейлі 85 жасымен арнайы құттықтап барды. Ардагер ұстазға гүл шоқтары табысталып, облыс әкімінің атынан құрмет грамотасы сонымен қатар, басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаевтың құттықтау хаты табысталды.

Надия Хабибрахманқызы 1970-1985 жылдар аралығында Павлодар педагогикалық университетінде заманауи орыс тілі кафедрасында қызмет етіп, білім саласының дамуына ерекше үлесін қосқан ардагер оқытушы. Оның тәрбиелеп шығарған студенттерді қазіргі таңда әр түрлі салада еңбек етіп, биік белестерді бағындырып келеді.

Салтанатты шара барысында университеттің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Октябрұлы өзінің ыстық ықыласын білдіріп, алдыңғы аға буын өкілдері қашан да құрметке лайық екендігін атап өтті.

 

Сонымен қатар, ғылыми бағытты жанына серік еткен Алинова Мансия Шарапатқызының да 75 жас мерей тойы назардан тыс қалмады. Басқарма төрағасы мерей той иесін арнайы құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етіп, ақжарма тілегін білдірді.

Айта кету керек, Мансия Шарапатқызының ғылыми жұмыстарға қосқан үлесі зор. Әлі күнге дейін бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатқан емес. Кездесу барысында алға қойған мақсаттарына жету жолындағы ізденісті жалғастыра беретіндігін жеткізді кейіпкеріміз.

Ұлт көсемі Ә.Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету мінезден» деген сөзі бар. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне назар аударып, келешекке кемел біліммен қадам басқан ұстаздардың салған сара жолдары әрі қарай да жалғасын таба бармек.