Перейти к содержимому страницы.

"МЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

09.12.2022

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық универсиетінде еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің арасында ұйымдастырылған ауқымды шараға 200-ден астам үміткер қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орын студенттері бар. Байқау «Бейнелеу өнері», «Сәндік қолданбалы өнер» және «Мүсін» аталымдары бойынша өтті.

Байқау қорытындысы бойынша, «Бейнелеу өнері» аталымында бақ сынаған облыстық балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Камила Қасымбекова бас жүлдені жеңіп алды.

1 орынды Баянауыл ауданындағы Ш.Айманов атындағы орта мектеп оқушысы Жәния Серікқызы еншіледі.

2 орын Рафика Нұртазина атындағы орта мектеп оқушысы Глеб Аймульдинге бұйырса, 3 орынды Екібастұз қаласндағы №21 орта мектеп оқушысы Мерей Мейрамбекқызы қанжығалады.

«Сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша 1 орын Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп оқушысы Аяна Исабайға, 2 орын балалар көркемсурет мектеінің оқушысы Яна Родкинаға, 3 орын Хамза Егінбайға берілді.

«Мүсін» номинациясының жеңімпазы – № 43 орта мектеп оқушысы Годун Александр. 2 орынды Баянауыл ауданы Майқайың орта мектебінің оқушысы Алексей Цыбанюк, 3 орынды Көктөбе орта мектебінен келген Айнар Эммат еншіледі.

- Бүгінгі байқауға мен оқушымның жасаған туындысын алып келдім. Ол дәстүрлі емес материалдан жасағлан "Қобыз" туындысы. Қолөнер туындысы ірі қара малдың жамбас сүйегінен ойып жасалған. Бір композицияның ішінде қобыздың, асықтың, домбыраның, қазақтың киіз үйінің бейнесі бейнеленген. Мұндай шаралардың пайдасы өте зор. Әсіресе, ауыл мектептерінің оқушыларының жұмыстарын насихаттау бәрінен маңызды. Сондықтан, барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, - деді Май ауданы Көктөбе орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Марат Шакиров.