«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!» МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ
26.10.2023
Марғұлан Университетінің акт залында Республика күні мерекесіне орай 1 курс студенттері және мектеп оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараны гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды.
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова, филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темірғазина және «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Гүлсім Абзулдинова құттықтау сөз сөйледі.
Байқауға қатысу үшін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттерінен 25 өтінім және қала мектептерінің студенттерінен 22 өтінім келіп түсті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік студенттер мен мектеп оқушылары дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен, алғыс хаттармен, сонымен қатар «Өнерлілігі үшін», «Мәнерлеп оқығаны үшін», «Шығармашылық қабілеті үшін» номинацияларымен марапатталды.
1 орынды «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті Қуандыққызы Інкар, 2 орынды «Математика» білім беру бағдарламасының студенті Рахмантаев Абрар және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының студенті Тойкенова Индира бөлісті.
Үшінші орынды «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» оқу бағдарламасының студенті Камилла Тлебалдина, «Орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының студенті Дорошенко Диана және А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Варвара Панихина иеленді.
Салтанатты шара MUАРТ тобының тамаша концерттік бағдарламасымен жалғасты.